Қаз 28, 2021 17:03 Asia/Almaty
  • Иран Тәжікстанда инженерлік-техникалық қызметті арттыруға келісті

Иранның Энергетика министрі Теһран мен Душанбенің инженерлік-техникалық қызмет көрсетуді арттыруға келіскенін айтып: "Иран мен Тәжікстан арасында ирандық компаниялардың осы елде электр стансаларын салу саласында белсенділігін арттыру жайлы жақсы келісімдер жасалды",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Энергетика министрі Əли Акбар Михрабиан кеше, сəрсенбі күні Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен кездесуінен кейін тілшілерге берген сұхбатында Иран мен Тәжікстан арасында СЭС салу саласында өте жақсы тәжірибенің барын айтып: "Тəжікстандағы Сангтуда-2 стансасы Иран тарапынан салынды. Қазіргі таңда Тәжікстан үкіметі елде суы мол сарқыраған өзендердің барын ескеріп, су электр стансаларын дамыту туралы ірі жобаларды қолға алды. Сондықтан ирандық компаниялардың бұл елде көбірек жұмыс істеуіне мүдделі",-деді.

Тегтер