Қаз 28, 2021 19:38 Asia/Almaty

БҰҰ-ның жыл сайынғы қайырымдылық базары ондаған ел, соның ішінде ИИР-дың қатысуымен сəрсенбі күні Женевадағы Ұлттар сарайында өтті.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның қолөнер бұйымдары бұрышы Женевада өтіп жатқан БҰҰ қайырымдылық базарында көрермені көп бөлімдердің бірі болды.

Женевадағы елшілер мен дипломаттар жұбайларының ұйымдастыруымен елдерді БҰҰ қайырымдылық шараларына қатысуға ынталандыру мақсатында жыл сайын өтетін рəсімде дипломатиялық өкілдіктер өз елінің жергілікті, дәстүрлі жəне мəдени өнімдері мен қолөнер бұйымдарын ұсынып, сатады.

Тегтер