Қар 22, 2021 00:13 Asia/Almaty
  • АҚШ-та нәсілшілдік өршуде

Өткен жылы нәсілшілдікке қарсы наразылықтар барысында екі адамды өлтірген америкалық жас жігітті кінәсіз деп тапқан сот үкімі бұл елде наразылықтардың жаңа толқынын тудырды.

Алқалық сот 18 жасар Кайл Риттенхауздан (Kyle Rittenhouse) барлық айыптарды, яғни 2020 жылы 25 тамызда Висконсин қаласының Кеноша (Kenosha) ауданында екі адамды өлтіргені, үшінші адамды жарақаттағаны және от жағу арқылы шеру қауіпсіздігіне қатер төндіргені туралы айыптарды алып тастап, кінәсіз деп тапты.

Соттың бұл үкімі АҚШ-та жаңа бір жанжалға айналды. Нәсілшілдік пен қару-жарақ ұстау мәселесі қайта талқылана бастады. Шын мәнінде бұл үкімнің әділетсіз, біртарапты әрі нәсілшіл сипатта болғаны сонша, Риттенхауз сот үкімін естігеннен кейін өз эмоциясын ұстай алмай, қуаныштан жылап жіберді. Ол өзіне тағылған айыптарға жауабында: «Тек өзімді қорғағым келді»,-деп уәж айтты. Алайда сот ғимаратының сыртында жүздеген наразы үкімді естігеннен кейін қолдарына плакат ұстап, үкімге наразылық білдірді.

Бұл америкалық ақ нәсілді нәсілшіл азамат АҚШ-тағы әсіре оңшылдар арасында танымал тұлғаға айналды. Тіпті Дональд Трамп та оны мақтады.  Шын мәнінде америкалық соттың оны ақтау үкімі бұл елде нәсілшілдіктің жалғасып жатқанын, сот жүйесінің ақ нәсілді мен қара нәсілділерге екіқырлы қатынас жасайтынын көрсетті.

Бұрынғы жылдардағы ұқсас жайттарға шолу көрсеткендей, АҚШ-тың полициясы мен соттары тура осыған ұқсас қылмыс жасаған қара нәсілді сотқа тартылғанда айрықша қатал әрі қатыгез қатынас көрсеткен. Тура осы мәселе қара нәсілділерге тиесілі ұйымдардың қатаң реакциясына ұшырады. Соның  ішінде Конгрестегі қара нәсілділердің ассоциациясы осы үкімге реакциясында мәлімдеме жасап: «Біздің сот жүйеміздің бір қарулы бүлікшіге бостандық беруі әділ емес»,-деп мәлімдеді.

Шын мәнінде кейінгі кезде Батыс елдерінде, әсіресе АҚШ-та өздерін бәрінен жоғары санайтын ақ нәсілді топтар мен қозғалыстар өрши бастағаннан кейін қара нәсілділер мен латынамерикалықтарға қарсы қатыгездік пен кемсітушілік одан ары арта түсті.     

Тегтер