Қар 24, 2021 19:36 Asia/Almaty
  • Лиссабон келісімі негізінде ирандық қолдан жасалған кілемдердің географиялық белгісі әлемде тіркелді

Иранның Ұлттық кілем орталығының басшысы Лиссабон келісімі бойынша Иранның қолдан жасалған кілемдерінің географиялық белгісі әлемде тіркелгенін хабарлады.

 

Иранның Индустрия, кен және сауда министрлігінің мәліметінше, Фарахназ Рафи: «Лиссабон келісіміне сәйкес Иранның қолмен тоқылған кілемдерінің әртүрлі аймақтарының географиялық белгілерінің ұлттық және жаһандық түрде тіркеу Иранның ұлттық кілем орталығының осы бірегей өнер туындыларын жасаушылардың зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудағы әрекеттерінің бірі болып табылады»,- деді. Фарахназ Рафи: «Өткен аптада Афшар Такаб аймағы жаһандық деңгейде тіркелді және тағы екі аймақтың жаһандық тіркелу үстінде»,- деп мәлімдеді. Статистикаға сәйкес, 2019 жылы әртүрлі елдерге құны бір миллиард доллардан астам қолдан жасалған кілемдер экспортталды.