Қар 25, 2021 16:47 Asia/Almaty
  • Хатибзаде Ислам ынтымақтастық ұйымының жаңа бас хатшысын құттықтады

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Ислам ынтымақтастық ұйымының жаңа бас хатшысын құттықтап, бұл ұйымның әлеуетін сионистік режиммен қарым-қатынасты қалыптандыруға қарсы күрес жолында пайдалану қажеттігін баса айтты.

Саид Хатибзаде ИИР мен Ислам ынтымақтастық ұйымы әріптестігінің қазіргі жағдайы туралы: "Иран ұйымның жаңа басшысы Хұсейн Ибраһим Тені жұмыстың басталуымен құттықтап, жаңа қызметте сәттілік тілейді",-деді.  

Хатибзаде: "Палестина мәселесінде сионистік режим тарапынан палестиналықтардың мал-мүлкінің тәркіленуімен күресу керек. Осы ұйымның әлеуетін сионистік режиммен қарым-қатынасты қалыптандыруға қарсы күрес жолында пайдаланып, ұйымға мүше елдер арасында ауызбірлікті нығайтып, Израильге қарсы ортақ шара қолдану керек",-деді.

Тегтер