Қар 25, 2021 20:05 Asia/Almaty
  • Талибан: АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы Ауғанстанды бөлшектеуді көздеп отыр

Талибан тобының бір аға мүшесі: "АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы Ауғанстанды бөлшектеуді көздеп отыр",-деді.

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ауғанстандағы Талибан уақытша үкіметінің Ішкі істер министрлігінің жетекшісі Сираджеддин Хақанидің ағасы әрі Талибан тобының аға мүшесі Онс Хақани бүгін, бейсенбі АҚШ-ты осы елдегі 20 жылдық соғысқа жауапты деп атап: "АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы Ауғанстанды бөлшектеуге күш салып жатыр",-деді.

Хақани: "АҚШ – Ауғанстандағы қазіргі дағдарыстың басты себепшісі",-деді.

Америкалық әскерилер 20 жыл бойы Ауғанстанды басып алып, экономикалық инфрақұрылымын жойғаннан кейін биыл тамыз айының аяғында жеңіліспен елден шықты. Талибан тобы 15 тамыздан бастап Ауғанстанда билікті қолға алды.  

Тегтер