Қар 26, 2021 16:45 Asia/Almaty
  • Ресей АҚШ-тың Қара теңіздегі эсминецінің әрекетін бақылауда

Ресей Қорғаныс министрлігі Қара теңіз флотының әскерлері мен әскери техникасының бейсенбі күні Қара теңіз суларына кірген АҚШ әскери-теңіз күштерінің ArleighBurke зымырандық эсминецінің барлық әрекеттерін бақылай бастағанын хабарлады.

 

АҚШ әскери-теңіз күштерінің алтыншы флоты кеше ArleighBurke эсминецінің Түркияда Босфор бұғазынан өтіп, Қара теңіз суларына кіргенін мәлімдеді. Бұл американдық эсминец миналарға, заманауи сүңгуір қайықтар және зымыранға қарсы қарулармен жабдықталған. Мәскеу бұдан бұрын Батысты арандатушылықтар туралы бірнеше рет ескертіп, оларды жіті бақылап отырғанын мәлімдеді.

 

Тегтер