Қар 26, 2021 19:00 Asia/Almaty
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа штаммы туралы шұғыл жиналады

B.1.1.529 деп аталатын коронавирустың жаңа түрінің өршуінен кейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ДДСҰ) ұйымы осы жаңа штаммды қарау үшін бүгін, жұмада шұғыл жиналыс өткізетінін хабарлады.

ДДСҰ  қызметкерлерінің бірі бұл жаңа штамм  туралы көп ақпараттың жоқтығы, бірақ оның көптеген мутациялары бар екендігі мәлімдеді. Бұл жаңа штамм Ботсванада, Оңтүстік Африкада табылды.  Африканың оңтүстігіне жаңа штаммның таралуына байланысты Ұлыбритания Оңтүстік Африка елдері Ботсвана, Намибия, Зимбабве, Лесото және Сватини елдерін  шектеулердің қызыл тізіміне енгізді.