Қар 27, 2021 16:28 Asia/Almaty
  • Сафари: Біз аймақтағы мәселелерді шешу үшін көпжақтылықты қолдаймыз

Иран Сыртқы істер министрінің экономикалық дипломатия жөніндегі орынбасары Теһранның саясатын басқа елдермен, әсіресе көршілермен достық қарым-қатынастарын кеңейту жариялады.

IRNA ақпарат агенттігінің сенбі күні мәліметінше, Мәһди Сафари Ашхабадтағы ЭЫҰ Сыртқы істер министрлерінің отырысында сөйлеген сөзінде  Түркіменстанға саммитті өткізгені үшін алғыс айтып, аймақтық және халықаралық мәселелерді өзара түсіністік пен ынтымақтастық негізі арқылы шешу үшін көпжақтылықтың маңыздылығын атап өтті. Иран Сыртқы істер министрінің   орынбасары: «Иран басқа елдермен, әсіресе көрші елдермен достық қарым-қатынастарын кеңейту саясатын жалғастыруда және ЭЫҰ сияқты көпжақты ұйымдарға  белсенді қатысу  ИИР-ның сыртқы саясатындағы басымдық болып табылады»,- деді. Сафари Иран мен ЭЫҰ елдерінің көпшілігінің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүшелігіне тоқталып, екі ұйымның маңызды аймақтық салалардағы ынтымақтастықтарын арттырудағы ынтымақтастығын жоғары бағалады.