Қар 28, 2021 17:30 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықты дамыту қажеттігін қуаттады

Иран Сыртқы істер министрі Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықты дамытуды жəне екі елдің экономикалық əріптестігі туралы ортақ комиссиясы отырысын өткізуді жылдамдату қажеттігін айтты.

Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан жексенбі күні Түркіменстан астанасы Ашхабадта ЭЫҰ-на мүше елдер басшыларының он бесінші саммиты аясында Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шохрат Нұрышевпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты кеңейту туралы пікір алмасты.

Нұрышев екі елдің саяси-экономикалық жəне мəдени салалардағы қарым-қатынасының даму үдерісі жəне Қазақстан жағының осыған қатысты ұстанымын мәлімдеді.

Осы мәліметке сәйкес Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ашхабадтағы ЭЫҰ отырысына қатыспады.

Тегтер