Қар 28, 2021 18:22 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран барлық елдер, соның ішінде аймақ елдерімен қарым-қатынасты дамытуды қалайды

Иран Президенті сенбі күні кешке Ашхабадтағы Иран елшілігінде Түркіменстанда тұратын ирандықтармен кездесіп: "Иран барлық елдер, соның ішінде аймақ елдерімен қарым-қатынасты дамытуды мақсат тұтады",-деді.

Сейіт Ибраһим Раиси осы кездесуде көршілес жəне аймақтық елдердің Иранның инженерлік-техникалық қызметіне сенім артып,  түрлі өнімдеріне қызығатынын айтып: "Бұл əлеуетті дұрыс пайдалану керек",-деді.

Иран президенті екі елдің мəдени, тарихи, діни жəне рухани ортақтықтарына тоқталып: "Иран мен Түркіменстан достық-бауырластық қатынастан жоғары туыстық, рухани-идеологиялық, мəдени-өркениеттік байланысқа ие",-деді.