Қар 28, 2021 19:17 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран көршілес елдермен экономикалық əріптестікке айрықша басымдық береді

Иран Президенті: "Иран Азия елдері, əсіресе Оңтүстік Азия, Батыс Азия, Орта Азия жəне Кавказдағы көршілес елдермен экономикалық əріптестікке айрықша басымдық береді",-деді.

Ибраһим Раиси Түркіменстан астанасы Ашхабадта өтіп жатқан ЭЫҰ-на мүше елдер басшыларының он бесінші саммитында: "Екіжақты жəне көпжақты ынтымақтастықты жеңілдету мақсатында аймақтық ұйымдардың рөлі мен орнын нығайтуға ерекше көңіл бөлетініміз анық. Соның айқын мысалы - ЭЫҰ",-деді.

Иран президенті: "Иран маңызды ел ретінде ЭЫҰ аясында əріптестік деңгейін арттыруды көздеп отыр",-деді.

Тегтер