Қар 29, 2021 02:24 Asia/Almaty
  • Ашхабадта ЭЫҰ-ға мүше елдер басшыларының саммиты өтті

Экономикалық ынтымақтастық ұйымы – Азия құрлығындағы ең маңызды аймақтық ұйымдардың бірі.

Осы аймаққа маңызды экономикалық ұйым құрылғалы бері мүше елдердің сауда, энергетика, тасымал мен транзит, инвестиция жəне банк салаларында əріптестік жасауы басты басымдық саналып келеді. ЭЫҰ-ның басқа маңызды мақсаттары ретінде аймақішілік жəне трансаймақтық сауданы дамытуға жəне аймақ елдерінің саудасын əлемдік саудамен қосуға талпынуды айтуға болады. Мұнымен қоса, мүше елдер үшін тұрақты экономикалық дамуға жағдай қалыптастыру жəне сауда кедергілерін жою ЭЫҰ-ны құрудың мақсаттарының бірі саналады. Осылайша мүше елдер арасында аймақішілік сауданы дамыту үшін интеграцияға жағдай жасау көзделген.

ЭЫҰ-ға мүше елдер басшыларының он бесінші саммиты барысында осы мақсаттар талқыланады. ЭЫҰ-ға аймақ елдерінің мүше болуы олар үшін аса маңызды. Бұл олардың мүдделеріне сай келеді. Экономикалық сарапшы Сохраб Делангизанның пайымдауынша, "Бірнеше ел арасында аймақтық жəне жергілікті саммит өткізу осы елдер үшін құнды нәтиже береді. Ортақ экономикалық мүмкіндіктер мен түйткілдерге ие мүше елдер бір-бірімен əріптестік жасайтын болса, жергілікті деңгейде тиісті табысқа қол жеткізеді. Бұл жалпы жағдайға оң әсер етеді. Қоршаған орта қиындықтары, шекаралық мəселелер, шаң-тозаң жəне басқа түйткілдерден туындауы мүмкін зияндарға тосқауыл бола алады».

Иран, Түркия мен Пәкістан басшылары 1964 жылы алғаш рет Аймақты абадтандыру ұйымының (RCD) негізін қалады. Иранда Ислам революциясы жеңіске жеткеннен бірнеше жыл өткен соң  Измир хаттамасы негізінде аймақ халықтарының тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында 1984 жылы  Аймақты абадтандыру ұйымы өз атауын Экономикалық ынтымақтастық ұйымы деп өзгертті. 1992 жылы Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Ауғанстан, Әзірбайжан, Қазақстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан – жеті мұсылман ел ЭЫҰ-ға қосылды.

Теһранның ЭЫҰ-ны одан ары дамыту саласындағы сындарлы ұстанымдарын ескерсек, ЭЫҰ-ға мүше елдер басшыларының он бесінші саммитын өткізу осы ұйымға мүше елдердің сауда айналымының одан ары артуына жағдай жасайды.