Қар 30, 2021 20:36 Asia/Almaty
  • Теһран – Дамаск: стратегиялық  қарым-қатынастар

Дамаскіде дүйсенбі күні фармацевтика, машина жасау, кеме жасау, су шаруашылығы, тоқыма өнеркәсібі, электронды қызмет көрсету, техникалық инженерлік қызмет көрсету және білімге негізделген компаниялар салаларындағы 146 ирандық компанияның қатысуымен Иранның арнайы көрмесі ашылды.

Көрмемен бір уақытта Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Реза Фатеми Амин ресми тұлғалар мен экономикалық белсенділерден құралған делегацияны бастап Сирияға сапармен барды. Иран делегациясының Сирияға сапарының мақсаты – сауда, өнеркәсіп және инвестицияның экономикалық аспектілеріне назар аудару. Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Сирияның Мұнай және кен министрі Бассам Таме және ішкі сауда министрі Амр Салеммен кездесіп, екі елдің экономикалық қарым-қатынастары туралы кеңескеннен кейін былай деді: «Теһран мен Дамасктың көзқарасы ортақ инвестицияға қол жеткізіп, келесі кезеңде екі елдің мүдделерін қамтамасыз ету жолында аймақ елдеріне экспорттаумен айналысу болып табылады»,- деді. Иранның Сирия нарығында болуы тек мұнай және  тауарларды экспорттаумен шектелмейді. Иранның техникалық және инженерлік қызмет көрсету компаниялары мен кейбір өнеркәсіптік компаниялары Сириядағы ішкі дағдарыс басталғанға дейін бұл елдің нарығында белсенді рөлге ие болып, әртүрлі салаларда шамамен 2,5 миллиард долларлық  түрлі техникалық және инженерлік қызмет жобалары мен инвестицияны жүзеге асырды. Жоспарларға сәйкес, хиджри-шамси күнтізбесі бойынша 1404 жылға қарай Иран мен Сирия арасындағы сауда көлемі 2 миллиард долларға жетеді деп күтілуде. Сирияның Теһрандағы елшісі Шафик Деобтың айтуынша, қазір екі ел арасындағы қарым-қатынастар кеңейіп, түрленді және бұл қарым-қатынастарды, әсіресе экономика, ғылым, технология, денсаулық сақтау, туризм, ғылым және басқа салаларда кеңейту перспективасы бар. Иран-Сирия қарым-қатынастары көптеген кедергілер мен қиындықтардан өтіп, қазір дұрыс бағытта жүріп, стратегиялық сипатқа ие болды.  Иран лаңкестікпен күресте Сирияның жағында болғандай,   елдің қалпына келтіру үдерісіне көмектесуде де сенімді   серіктес болады. Иран мен Сирия дұшпандардың зұлымдық санкцияларына қарсы тұру үшін экономикалық және сауда ынтымақтастықтарын белсенді дамыту жоспарын белгілуде және олар экономикалық лаңкестікпен күресуде және екі елдің халқына көмектесуде үлкен жетістіктерге қол жеткізе алады.