Жел 01, 2021 17:18 Asia/Almaty
  • Британдық  MI6  барлау агенттігі басшысы  Ресей, Қытай және Иранға қатысты мәлімдеме жасады

Ұлыбританияның MI6 барлау агенттігінің басшысы Қытай, Ресей және Ираннің британдық қоқан-лоққылар тізімінде бірінші орында тұрғанын жариялады.

 

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Ричард Мур сейсенбі күні Қытай, Ресей және Иран және лаңкестіктің британдық барлаушылардың  бетпе-бет келетін төрт қауіпсіздік мәселесі екенін мәлімдеді. Мур: «Қытай  Ұлыбритания мен оның одақтастарына қарсы тыңшылық операцияларын жүргізуде»,- деді. Британдық  MI6 барлау агенттігі басшысының айтуынша, Ресей кибершабуылдарды күшейтіп, басқа елдердің демократиялық үдерістеріне араласуға тырысуда. Мур сонымен бірге Иранның көрші елдердің ісіне араласып жатқанын мәлімдеді.

 

Тегтер