Жел 03, 2021 02:56 Asia/Almaty
  • Əлем елдерінен Ауғанстанға шұғыл түрде көмек сұралды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ауғанстан халқына медициналық қызмет көрсету үшін əлем елдерінен шұғыл түрде көмек беруді сұрады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жауапты тұлғалары сəрсенбі күні: "Ауғанстанда 2331 медициналық орталықтың жұмысын жалғастыру үшін əлемдік қауымдастықтан 380 млн долларға жуық көмек керек",-деді.

Ауғанстандағы экономика, медицина жəне білім беру жағдайы туралы жарияланған мағлұматтар бойынша, бұл ел аталған салаларда халықтың қажеттілігін өтеу үшін халықаралық көмекке зәру. Түрлі елдердің Талибан үкіметін ресми түрде танымай, саяси қарым-қатынас жасамауы бұл үкіметтің Ауғанстан істерін басқарудағы түйткілдерін күшейте түсті. Талибан Ауғанстанды басып алғаннан кейін бұл елге халықаралық гуманитарлық көмек қатты шектелді немесе тоқтатылды. Көршілес елдер адамгершілік қатынас көрсетіп, ортақ отырыстар өткізу аясында Ауғанстан халқына көмектесудің жəне осы елдің саяси-экономикалық жағдайын тұрақтандырудың түрлі жолдарын табуды көздеп отыр. Соңғы айларда Исламабад пен Теһранда Ауғанстанға көршілес елдер отырысының екі кезеңі өтті. Үшінші кезеңі Талибан үкіметі өкілдерін шақырумен Пәкістанда өтеді деп жоспарланып отыр.

Иран - соңғы айларда бірнеше рет азық-түлік, дәрі-дәрмек, жанармай сияқты гуманитарлық көмекті Ауғанстанға жіберіп, осы елдің қиыншылықтарын азайтып, жағдайды жақсартуға көмектескен санаулы елдердің бірі.

Иран басшыларының көзқарасынша, Ауғанстанда барлық қауым өкілдерінің қатысуымен жан-жақты үкімет құрып, осы елде саяси тұрақтылық пен тыныштыққа қол жеткізуге көмектесумен қоса, адами апаттың алдын алу үшін халыққа шұғыл түрде гуманитарлық көмек жіберілуі тиіс. Сонда жапа шеккен халыққа қолдау көрсету принципі ішкі жағдайды жасай алмаған Талибан үкіметін ресми түрде танымауға себеп болмайды.

Тегтер