Жел 03, 2021 15:57 Asia/Almaty

Иранның аға келісімгері: «МАГАТЭ Иран мен 4+1 тобы келіссөздерінде оңды техникалық рөл ойнай алады»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Бағери Кани бейсенбі күні (Вена уақыты бойынша) МАГАТЭ-нің бас директоры Рафаэль Гроссимен кездесуінен кейін: «ИИР санкцияларды жою үшін өтетін келіссөздерге белсенді де сындарлы түрде қатысуға бел байлап отыр»,-деді.

Рафаэль Гросси Иранның аға келісімгерімен кездесуінен кейін Твиттердегі жеке парақшасында: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы аясында Иранмен әріптестікті жалғастыру және екіжақты белсенділіктерге қатысты тақырыптар талқыланды»,-деп жазды.  

МАГАТЭ-нің бас директоры ирандық басшылармен кездесудің нәтижесін сындарлы деп сипаттап: «Қос тараптың қарым-қатынасы тұрақты әрі баянды»,-деді.   

Тегтер