Жел 03, 2021 16:16 Asia/Almaty
  • Бағери: Санкциялар кезең-кезеңмен жойылмайды

ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары: «Сәрсенбі күні кешке «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы қарсы тараптардың ықтиярына берілген 2 құжатпен қоса, әлі берілмеген үшінші құжат бар»,-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Бағери бейсенбі күні Жапонияның «Киодо» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында «Иранның қарсы тараптарға берген 2 құжатында санкциялардың кезең-кезеңмен немесе бір мезгілде жойылатыны айтылған ба?» деген сұраққа «Санкциялар кезең-кезеңмен жойылмайды» деп жауап берді.

Бағери санкциялардың жойылғанын тексеру уақыты туралы: «Иран үш құжат дайындады. Үшінші құжат әлі қарсы тарапқа берілмеді»,-деп еске салды.  

Бағеридің айтуынша, Иран қарсы тарапқа ұсынбаған үшінші құжатында санкциялардың жойылғанын тексеру уақыты туралы пікір мен ұсыныстарын баяндаған.  

ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары сәрсенбі күні қарсы тарапқа ұсынылған 2 құжатқа реакция туралы: «Қос тарап әлі талқылап, сұхбаттасып жатыр»,-деді.

Тегтер