Жел 06, 2021 02:16 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Түркия мұсылмандарының діни басқармалары арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы мен Түркияның мазхаб істері басқармасы діни салада көпжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Наурызбай қажы Тағанұлы мен Әли Арбаш сенбі күні Анкарада осы меморандумға қол қойды.

Меморандумда Қазақстан мен Түркияның діни оқу орындарын жаңарту, мәдени және рухани байланыстарды дамыту, тәжірибе алмасу, ғылыми жобаларды жүзеге асыру, діни орталықтардың қызметкерлерін дайындау саласында достық қарым-қатынасты одан ары дамыту қарастырылған.

Меморандум бойынша тараптар халықаралық деңгейде бір-біріне көмектесуге міндеттеме алды.

Мұнымен қоса, Қазақстан мен Түркия азаматтары екі елдің территориясында орналасқан тарихи және киелі жерлерді аралай алады.  

Тегтер