Жел 07, 2021 01:18 Asia/Almaty
  • Вена келіссөздерінде сындарлы және қисынды шешімдер қабылданады деп күтілуде

Өткен аптаның дүйсенбі күні Венада басталған АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын жою туралы келіссөздер жұма күні уақытша тоқтатылды. Келіссөздер келісімгерлердің өз елдерінде кеңес өткізгенінен кейін қайта жалғасады.

ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Әли Бағери Кани Al-Jazeera ақпарат арнасына берген сұхбатында АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты келіссөздердің үш кезеңінде екі принцип – кепілдік беру және дұрыстығын тексеру принциптерін қабылдағанын айтып: «Ядролық келісімге қатысты барлық санкциялар мен АҚШ-тың барынша қысым саясаты негізінде салынған немесе қайтарылған санкциялардың барлығы шұғыл түрде жойылуы керек»,-деді.

ИИР-ның Венадағы делегациясы зұлым санкцияларды жою және ядролық мәселелер жөніндегі 2 құжатты Вена келіссөздерінде 4+1 тобына ұсынды. Қарсы тарап Иран ұсынған құжаттарды талқылап, келіссөздерді жалғастыруға қажетті дайындыққа ие болуы тиіс.  

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайта оралу туралы келіссөздердің 6 кезеңі өткеннен кейін кеңеске қатысып жатқан дипломаттар мен басшылардың пікірінше, 2015 жылғы ядролық келісімде белгіленген міндеттемелерге қайта оралу үшін бір келісімге келуге жақын қалды, бірақ сәтті келісімге жету үшін уақыт шектеулі.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының жеңіліс табуы халықаралық әрекеттестікті сақтауға бағытталған ұжымдық шараның жеңіліс табуын білдіреді. Бұдан халықаралық қауымдастықта белсенді рөл ойнаймыз деп уәж айтатын барлық алпауыттар зарар көреді.  

Сол себепті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына әлі мүше болып табылатын елдер бұл келісімнің жойылғанын қаламайды. АҚШ бір жағынан өзін ядролық келісімге қайтып оралуға қызығатын ел деп көрсетеді, екінші жағынан заңсыз санкцияларды сақтауға табандылық танытып отыр. АҚШ-тың осы екіқырлылығы мен шектен тыс талап етуі Вена келісіміне кедергі болып отыр.

Рационалды да қисынды көзқарас болған жағдайда барлық тараптардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан пайда көрері анық.

Тегтер