Жел 07, 2021 19:20 Asia/Almaty
  • Ресей танктері Тәжікстанға жіберілді

Ресей Тәжікстандағы әскери базасына жаңартылған 30 танк жіберді.

Fars News агенттігінің дүйсенбі күнгі мәліметі бойынша, ресейлік T-72B3M - жаңа қозғалтқыш жүйесімен, пассивті және белсенді қорғаныс жүйелерімен, R-168 байланыс жүйесімен, тепловизорлар және экипажға нысаналарды жылдам анықтауға және жоюға мүмкіндік беретін басқа да қажетті құрылғылармен жабдықталған.  

Ресей әскери аймағының қолбасшысы Александр Лапиннің айтуынша, Ресейдің шетелдегі ең ірі базасының үш мотоатқыштар батальоны «БМП2М» және «БМП 82А» заманауи әскери техникаларымен толық жабдықталған. 201 әскери базасы Ресейдің өз шекарасынан тыс ең ірі әскери нысаны болып табылады және Душанбе мен Бохтарда орналасқан.

Тегтер