Жел 30, 2021 13:55 Asia/Almaty
  • Ирандық футболшы – Ресей премьер-лигасының ең құнды ойыншысы

Иранның ұлттық футбол командасының шабуылдаушысы Ресей премьер-лигасының ең құнды ойыншысы атанды.

«Трансфермаркет» сайты футболдан Ресей премьер-лигасының ең құнды ойыншыларының тізімін жариялады. «Зенит» командасының ирандық шабуылдаушысы тізімде бірінші орында тұр.

Сайттың хабарлауынша,  қызметі 25 млн еуроға бағаланған Сердар Азмун Ресей премьер-лигасының ең құнды ойыншысы атанып, Малков мен Барриостан жоғары сатыға орналастырылды. Малков 22 млн еуромен екінші, Барриос 20 млн еуромен үшінші орынға тұрақтады.

«Зенит» командасының тағы бір ойыншысы Вендел 19 млн еуромен төртінші, «Краснодар» командасының ойыншысы Кордоба 17 млн еуромен бесінші орынға табан тіреді.  

Тегтер