Жел 31, 2021 21:13 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары әрі аға келісімгері: «Соңғы күндері Венада өткен келіссөздер нәтижесінде санкцияларды жою саласында жақсы ілгерілеу болды»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Бағери Кани бейсенбі күні Жаңа жыл мерекесіне байланысты Вена келіссөздері тоқтатылған соң осы қаладағы ирандық тілшілерге берген сұхбатында: «Осы бірнеше күнде санкцияларды жою тақырыбына баса назар аударылды»,-деді.   

Бағери Кани: «Келіссөздердің осы кезеңінде түрлі тақырыпта талқылау жалғасты. Бірнеше жиналыста еуропалық тараппен санкциялардың шынымен жойылғанын тексеру тақырыбы талқыланды»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары: «Санкцияларды жою саласында да тараптар арасында хат алмасылып, жақсы ілгерілеу байқалды»,-деді.

Тегтер