Қаң 07, 2022 16:47 Asia/Almaty

Ирандық футболшы Мехди Тареми әлем бойынша 2021 жылғы ең үздік гол салушылары қатарына енді.

Иранның ұлттық футбол командасының жұлдызы әрі Порту футбол клубының мүшесі Мехди Тареми 2021 жылғы «Пушкаш жүлдесін» алатын ең үздік үш гол салушы тізіміне енді.

Ирандық жұлдыз Азия футбол конфедерациясының назарына ілікті. AFC сайты: «Иранның ұлттық футбол командасының шабуылдаушысы Мехди Тареми FIFA-ның Пушкаш жүлдесінің қорытынды тізіміне енгізілді»,-деп жазды.

FIFA-ның Пушкаш жүлдесі 2009 жылы 20 қазанда осы ұйымның басшысы тарапынан ең әдемі гол үшін берілетін болып бекітілді.   

Тегтер