Қаң 11, 2022 04:30 Asia/Almaty
  • Қазақстандағы тынышсыздықтардың халықаралық қырлары

Қазақстандағы халықтық наразылықтардан кейін туындаған дағдарыс жаһандағы мұнай нарықтарына әсер етіп, бұған әлем елдері түрлі реакция білдірді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан халқы сұйытылған газ бағасының екі есе қымбаттағанына наразылық білдіріп, митингке шықты. Өйткені статистикаға сәйкес бұл елдегі көліктердің 70-90 пайызы табиғатқа үйлесімді CNG газымен жүреді.

Наразылықтар акциясы бірте-бірте ұлғая түсті. Наразылар мемлекеттік орталықтарға шабуыл жасады. Соңғы оқиғалар жайлы жарияланған статистикаға сәйкес, 164 адам қаза тапты. Қаза тапқандардың арасында екі бала бар. Қазақстанның ІІМ өзінің соңғы статистикалық мәліметінде ұсталғандар санын 6000 адам деп жариялады.  

Қазақстан Президенті газ бағасын түсіру, Министрлер кабинетінің отставкасын қабылдау және басқа шаралар арқылы жағдайды тыныштандыра алмады. Осындай жағдайда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер Қазақстан Президентінің сұраған көмегіне оң жауап берді. Осы күштердің араласуымен жағдай тынышталды. Қазақстан ІІМ кеше, жексенбі күні елде тыныштық орнап, барлық жерде қоғамдық қызметтердің қайта басталғанын хабарлады.

Осы күштерді басқаратын Ресей бүгін: «Бітімгер күштер Қазақстанның маңызды мекемелерін қорғау міндетін атқарады»,-деп мәлімдеді. Бірақ орыс әскерилерінің Қазақстанда болуы Мәскеу мен Вашингтон арасындағы текетіресті одан әрі өршітіп жіберді.  

Осы арада Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркі елдері ұйымының атынан Қазақстанға әскер жіберуге дайын екенін жариялады. Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы: «Түркі елдері Қазақстанда бейбітшілік пен тұрақтылық орнату үшін кез келген қолдау білдіруге дайын»,-деді.

Алайда Тоқаев бұл ұйымнан көмек алмай, іс жүзінде Ердоғанның Қазақстанда әскер ұстау ниетіне көңіл аудармады.

Ең қызығы, Түркияның билік басындағы партиясын жақтайтын ақпарат құралдарының сенімінше, 2016 жылғы төңкерістің басты айыпкері Абдулла Гюленнің жақтастары Түркия үкіметі мен оның аймақтағы ықпалына соққы беру мақсатында Қазақстанда наразылық акциясын ұйымдастырды.  

Бұлардың бәріне қарамастан,  Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Батыс елдері, соның басында АҚШ-тың араласуынсыз Қазақстанның жағдайын тыныштандыруда сәтті әрекет ете алса, әлемнің түрлі аймақтарында тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату және текетірестерді шешу үшін жаңа жол және сәтті үлгіне айнала алады.  

Тегтер