Қаң 15, 2022 21:12 Asia/Almaty
  • Иран-Қытай: өзара әрекеттестік пен стратегиялық қарым-қатынас

Қытай Сыртқы істер министрі Ван Идің ресми шақыруымен жоғары деңгейдегі саяси және экономикалық делегацияны басқарып Бейжіңге барған Иран Сыртқы істер министрі жұма күні сапарының соңында Twitter-де: «Сапар барысында екі жақ бүгін, жұманы екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы жан-жақты келісімді жүзеге асырудың басталған күні деп жариялауға келісті»,- деп жазды.

Бұл сапар Бейжіңдегі келіссөздер мен Иран-Қытай келісімдерін ескере отырып, екі тұрғыдан маңызды. Біріншіден, жан-жақты ынтымақтастық құжаты аясындағы стратегиялық маңызы бар Иран мен Қытай арасындағы экономикалық қарым-қатынастардағы жоғары деңгей. Бұл құжатта Иранның экономикалық өлшемдерге және Қытай  жол белдеуі идеясына қатысуына ерекше назар аударылады. Иран Каспий теңізі мен Парсы шығанағы мен Оман теңізін байланыстыратын дәнекер. Бұл ерекше жағдай Иранның орта және ұзақ мерзімді экономикалық жоспарларға шетелдік инвесторлар, соның ішінде Қытай    үшін тартымды және ынталандырды. Екіншіден, бұл сапардың маңыздылығы  Теһран мен Бейжің арасындағы саяси қарым-қатынаста ынтымақтастық өте жақсы деңгейінде. Иран мен Қытай халықаралық жүйедегі маңызды және ықпалды екі ел ретінде әртүрлі салалардағы ынтымақтастықтарды кеңейту және аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау және біржақтылыққа қарсы тұру үшін ортақ мүдделер мен мақсаттарға ие. Осыған сәйкес екі ел арасындағы аймақтық және халықаралық деңгейдегі дипломатияның күн тәртібінде маңызды мәселелер тұр. Иран Сыртқы істер министрі жұма күні Қытай үкіметінің кеңесшісі және Сыртқы істер министрі Ван Имен кездескеннен кейін Теһран мен Бейжің кең ауқымды мәселелер, соның ішінде жан-жақты ынтымақтастық жоспары мен Вена келіссөздері бойынша консультациялар бойынша маңызды ортақ пікірге келгенін хабарлады. Қарым-қатынастардың бұл деңгейі іс жүзінде аймақтық және халықаралық өзара іс-қимылдардағы өзара сенімнің нәтижесі болып табылады. Оның өсу және даму мүмкіндігі екі себепке байланысты. Бірінші себеп - мүмкіндіктерді саналы түрде пайдалану және қауіптерді  жан-жақты қарым-қатынастарды құру мүмкіндіктеріне айналдыру қажеттілігі. Екіншіден, саяси айла-шарғылардың күшін арттыру қажеттілігі, халықаралық аренадағы елдермен қарым-қатынаста және әсіресе «шығысқа қарау» саясатында экономикалық үлесті арттыру саяси қарым-қатынастарды теңестіруге сәйкес келеді.