Қаң 17, 2022 02:14 Asia/Almaty
  • Twitter Ислам революциясы жетекшісінің жеке парақшасын бұғаттап тастады

Twitter әлеуметтік желісі сөз бостандығын бұзып, Ислам революциясы жетекшісінің жеке парақшасын бұғаттап тастады.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Twitter әлеуметтік желісі АҚШ-тың бұрынғы басшысы Дональд Трамптан кек алу мақсатында анимациялық фильм жариялағаны үшін Ислам революциясы жетекшісінің жеке парақшасын жапқанын айтты.

«Міндетті түрде кек алынады» атты анимациялық фильм – шәһид Солейманиді өлтіруге бұйрық бергендерден кек алу тақырыбына арналған «Қаһарман жолы» атты фестивальдың таңдаулы туындыларының бірі.

Әдетте сөз бостандығын сақтау туралы уәж айтатын Батыс елдері сардар Солейманидің шәһид болғанына екі жыл толғанына орай Инстаграмда #hero хештегімен жарияланған посттарды өшіріп тастады.

Тегтер