Қаң 17, 2022 03:44 Asia/Almaty
  • Ресейдің бітімгер күштері 19 ұшақпен Қазақстаннан қайтты

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, осы елдің бітімгер күштері Қазақстанда өз миссиясын аяқтағаннан кейін Мәскеудің Чкаловский әуежайына қайтып оралды.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей Қорғаныс министрлігі: «Ресейдің әуе-ғарыш күштеріне тиесілі 18 Ил-76 әскери жүк тасымалдау ұшағы мен бір Ан-124 ұшағы ресейлік бітімгер күштерді Алматыдан Мәскеуге жеткізді»,-деп мәлімдеді.

Үш күн бұрын Ресейдің Қорғаныс министрлігі өз күштерін Қазақстаннан шығаратынын жариялап: «Қазақстанда басты мемлекеттік мекемелер мен нысандарды қорғаған ресейлік күштер қауіпсіздік сақтау міндетін қайтадан Қазақстанның жергілікті күштеріне табыстады»,-деді.

Тегтер