Қаң 17, 2022 19:50 Asia/Almaty
  • 6 жылдан кейін Джиддада Иран өкілдігі қайта ашылды

Иран Джиддаға үш дипломат жібергеннен кейін Ислам ынтымақтастық ұйымы жанынан Иран өкілдігі қайта ашылды.

Амир Абдуллахиан жуырда al-Jazeera ақпарат арнасына берген сұхбатында ирандық дипломаттарға Джиддаға баруға виза берілгенін оң нышан деп атады.

Джиддадағы Иран өкілдігінің жұмысы 2015 жылы Иран мен Сауд Арабиясының  қарым-қатынасы үзілгеннен кейін тоқтатылған болатын.

Тегтер