Қаң 21, 2022 01:50 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран Ресеймен қарым-қатынасын дамытуға дайын

ИИР Президенті Ресей Думасында: «Иран Ресей федерациясымен қарым-қатынасын дамытуға қажетті ерік-жігер мен тиісті дайындыққа ие»,-деді.

Иран Президентінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси бейсенбі күні Ресей Думасында сөйлеген сөзінде: «Иран мен Ресей екіжақты және көпжақты әріптестік қалыбында  қарым-қатынасты нығайту арқылы екі елдің экономикасын қарқындатуға және аймақ пен әлемнің қауіпсіздігін нығайтуға септігін тигізеді»,-деді.

Раиси: «Иран көршілес жəне одақтас елдермен барынша əрекеттестік жасауды көздейді. Бұл ынтымақтастық пен әрекеттестіктің мақсаты – халықтардың  мүдделерін сақтау және әлемде өркениетті қоғам құру»,-деді.

Иран Президенті: «Үстемдікке негізделген халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мұның арты тек соғыс, қатыгездік, бейберекеттік және ұлтаралық араздыққа алып келеді»,-деді.

Раиси: «Әскер кіргізіп, басып алу саясаты жеңіліс тауып, АҚШ-тың Ирак пен Ауғанстаннан қашуы халықтардың табанды қарсыласуы нәтижесінде орын алды»,-деп қуаттады.

Иран Президенті: «Иран мен Ресейдің Сирияда әріптестік жасауының сәтті үлгісі де Сирия үкіметі мен халқының табанды қарсылығының жалғасында елдердің тәуелсіздігін кепілдендіріп, аймақтың қауіпсіздігін нығайта түсті»,-деді.

Раиси: «АҚШ-тың лаңкестермен әріптестік жасайтыны әлем елдері үшін, әсіресе Сириядан Ауғанстанға дейінгі Батыс Азия халықтары үшін ашық күндей айқын. Қазір тәкфиршіл лаңкестерді жаңа тапсырмамен Кавказ бен Орта Азияға жіберу бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр»,-деді.

Иран Президенті: «АҚШ санкцияларды ИИР-ның ядролық жұмыстарына қарсы салдық деп уәж айтады, бірақ бұл жұмыстардың заңды және МАГАТЭ ұйымының тұрақты бақылауында екенін бәрі біледі»,-деді.

Тегтер