Қаң 21, 2022 02:27 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей басшылары кездесті

ИИР Президенті Ибраһим Раиси сәрсенбі күні Мәскеуде Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесіп, екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелер туралы сұхбаттасты.

Иран Президенті Ресей Президентімен кездесуінде екі елдің аймақ пен әлемдегі ықпалды рөліне тоқталып, екі елдің аймақтық және халықаралық мəселелерге қатысты ортақ түсініктерін өзара əріптестікке негіз деп атап: "Иран мен Ресей қатынасы стратегиялық сипатта",-деді.  

Владимир Путин: «Екі ел арасында көптеген жоба жүзеге асырылып жатыр. Біз түрлі салада әріптестік жасаймыз»,-деді.

Батыс елдерінің Ресеймен текетіресі күшейген жағдайда және Иранға қарсы санкцияларды жоюға бағытталған Вена келіссөздерімен бір мезгілде өткен Иран мен Ресей басшыларының кездесуі саяси-экономикалық тұрғыдан өте маңызды және екі ел қарым-қатынасында тұрақты да ұзақ мерзімді әріптестікті көздейтін жаңа тараудың бастамасы ретіне бағалана алады.

Қазіргі таңда екі ел де АҚШ-тың санкцияларына ұшырап отыр. Олар АҚШ-тың біржақтылығы мен басқа елдердің ішкі ісіне араласуына қарсы. Иран мен Ресей саяси-экономикалық және әскери-қауіпсіздік салаларда ортақ стратегиялық мүдделерге ие, аймақ пен әлемдегі, әсіресе Орта Азия, Кавказ елдері, Ауғанстан, Йемен, Ирак пен Сириядағы көптеген өзгерістерге қатысты және лаңкестікпен күреске қатысты ортақ көзқарасқа ие.

Осы негізде Иран мен Ресей жан-жақты ынтымақтастықты дамытуды, әсіресе сауда қатынасын арттыру, ұзақ мерзімді әріптестікті кеңейту, кейбір кедергілер, соның ішінде инфрақұрылымның әлсіздігін жою, қаржы көздері мен инвестиция тарту, екі елге қарсы санкцияларды залалсыздандыруға талпынуды күн тәртібіне қойып отыр. Екі ел басшылары жуырда экспорт, сауда және энергетика салаларында бірнеше құжатқа қол қояды деп күтілуде.

Иран мен Ресейдің ортақ мүддесі өте көп. Екі елдің мұнай-газ, өнеркәсіп, «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық тасымал дәлізі салаларындағы әлеуеттерін ескерсек, осы ортақ мүдделер екі елдің ұзақ мерзімді де тұрақты қатынаста болуын қажет етеді. Иран мен Ресей басшыларының барлық салада өзара байланысты дамытуға ерік-жігер білдіруі – қос тараптың экономикалық мүдделерін кепілдендіріп, аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сақтайтын және әлемдік жүйеде көпжақтылықты нығайтатын маңызды фактор. 

Тегтер