Қаң 23, 2022 18:24 Asia/Almaty
  • Гератта болған лаңкестік жарылыстан жараланғандар Иранға жіберілді

ИИР-ның Гераттағы бас консулы осы уәлаятта болған лаңкестік жарылыстан жараланғандардың Иранға жіберілгенін хабарлады.

ИИР-ның Гераттағы бас консулы Мұхаммед Седдиқифар: "Гераттағы лаңкестік оқиғадан жараланған 5 адам 6 туысымен бірге емделу үшін Иранға жіберілді",-деді.

Сенбі күні Ауғанстанның батысында орналасқан Герат уәлаятындағы Хаджи Аббас ауылында жолаушы тасымалдаушы көліктің жолында магниттік бомба жарылып, бірнеше бейбіт тұрғын қаза тауып, бірқатар адам жараланды.

Талибан тобының Ауғанстандағы билікті қолына алғанына 5 ай өтсе де, бұл елдің түрлі аудандарында қанды оқиғалар толастамай тұр.   

Тегтер