Раиси Ердоғанмен телефон арқылы сұхбаттасты
Иран Президенті Ибраһим Раиси сенбі күні кешке Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сұхбаттасып: "Иран Түркиямен ұзақ мерзімді жан-жақты қарым-қатынас жасауды көздейді",-деді.
Раиси Теһран-Анкара қарым-қатынасын екіжақты және аймақтық салаларда дамыту әлеуеттеріне тоқталып: "Иран Түркиямен стратегиялық ынтымақтастық туралы бағдарлама жасауды қолдайды",-деді.
Иран Президенті, сондай-ақ, елдердің егемендігі мен аумақтық тұтастығына құрметпен қарауды аймақта тұрақты қауіпсіздік пен баянды тұрақтылықты қамтамасыз етудің жалғыз жолы екенін баса айтты.
Түркия президенті осы телефон арқылы сұхбатта ИИР-мен қарым-қатынасты нығайту үшін түрлі экономикалық салалар тізімін дайындағанын айтып, жуырда Теһранға іссапармен баратынын айтты.
Режеп Тайып Ердоған, сондай-ақ, Түркияның электр энергияны Ираннан ала беретінін айтып: "Түркия Иранды электр қуатымен қамтамасыз ететін сенімді ел санайды, сондықтан Теһранмен әріптестік деңгейін арттыруды көздеп отыр",-деді.