Қаң 24, 2022 18:37 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың

2015 жылы Иранмен ядролық келісімнен заңсыз шығып кеткен АҚШ үкіметі осы келісімге қайта оралу үшін шарт қойды.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ мемлекеттік департаментіндегі Иран істері жөніндегі өкіл Роберт Мэлли осыдан бұрын Иранда қамауда жатқан қосазаматты ирандықтардың ядролық келісімдерге еш қатысы жоқ деп жариялаған еді, ал енді жексенбі күні: "Америкалық азаматтар босатылмайынша Иранмен ешқандай келісім жасалмайды",-деді.

Роберт Мэллидің айтып отырған адамдары Иранның сот органы тарапынан түрлі қылмыстар, соның ішінде тыңшылық жасады деп айыпталып, түрмеде жазаларын өтеп жатыр.

ИИР қосазаматтықты ресми түрде танымайтынын, қамауға алынған адамдардың АҚШ азаматтары екенін сан рет жариялады.

Тегтер