Қаң 27, 2022 15:52 Asia/Almaty
  • Сирия дағдарысын бейбіт жолмен шешу керек

Иранның БҰҰ-дағы өкілі: "Сирия дағдарысын бейбіт жолмен жəне халықаралық құқықтарды сақтап, əсіресе елдердің егемендігі мен аумақтық тұтастығына құрметпен қарау негізінде шешу керек",-деді.

Тахтраванчи БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирия тақырыбындағы отырысында: "Сирия дағдарысы басқыншылықты тоқтатып, егемендік пен аумақтық тұтастықты қайта қалпына келтіріп, лаңкестікпен күресусіз шешілмейді",-деді.

Иранның БҰҰ-дағы өкілі Теһран үкіметінің осы ұйымның Сирия істері жөніндегі арнайы өкілінің аталмыш елдегі дағдарысты шешуге бағытталған талпыныстарын қолдайтынын мәлімдеді.