Қаң 27, 2022 17:53 Asia/Almaty

Иранның Систан мен Бәлучистан облысының Айлақтар мен кеме қатынасы департаментінің директоры: "Кеше Өзбекстан делегациясы Чабаһар айлағында болып, Иран, Үндістан мен Ауғанстан арасындағы халықаралық келісімге қосылу үдерісін қорытындылады",-деді.

Өзбекстанның Көлік және тасымал министрінің орынбасары: "Өзбекстан мен Үндістан Чабаһар айлағын қолдану арқылы аймақ елдері арасында тасымалды жеңілдетуде әсерлі рөл ойнай алады",-деді.  

5 жыл бұрын Иран, Үндістан мен Ауғанстан Чабаһар келісіміне қол қойды. Соған сәйкес бұл айлақ транзит, энергетика мен сауда саласында аймақтық орталыққа айналады.

Тегтер