Қаң 27, 2022 18:50 Asia/Almaty
  • БҰҰ-да Қазақстанның жаңа өкілі тағайындалды

Қазақстан Президенті Ерлан Әлімбаевты осы елдің Женевада орналасқан БҰҰ кеңсесі мен басқа да халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі етіп тағайындады.

Бұған дейін бұл міндетті Айтжанова Жанар Сейітахметқызы атқарған.

Е.Әлімбаев 1975 жылы 6 қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келіп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті мен Женеваның Дипломатия және халықаралық қатынастар институтын аяқтаған. Е. Әлімбаев дипломатиялық қызметін ҚР СІМ-нің Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінде көмекші ретінде бастап, 2008-2011 жылдары департамент директоры болып, СІМ-нің арнайы өкілі дәрежесіне дейін көтерілді.

Тегтер