Республикашылдар АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайта оралу ықтималының алдын алуды жалғастыруда
Нау 15, 2022 20:18 Asia/Almaty
АҚШ республикашылдары бұл елдің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайта оралуына жол бермеу үдерісті тағы қолға алды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ-тағы 49 республикашыл сенатор мәлімдеме жасап, Вашингтонның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан заңсыз шығуына тоқталмай, Вашингтонның ядролық келісімге қайта оралуына және АҚШ-тың Иранға қарсы заңсыз санкцияларының жойылуына қарсылық білдірді.
Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Нед Прайс дүйсенбі күні баспасөз мәслихатында журналистерге күрделі келіссөздер жүріп жатқанын айтып: «Біз мәреге жақын деп санауға болатын кезеңде тұрмыз»,- деді.