Maм 02, 2022 22:29 Asia/Almaty
  • Хатибзаде: АҚШ Вена келіссөздерін тоқтатты

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Вена келіссөздеріне тоқталып: "Келіссөз қол қойылуға дайын. Бірақ АҚШ келіссөздерді тоқтатты",-деді.

Саид Хатибзаде "әл-Минар" телеарнасына берген сұхбатында: "Вена келіссөздерінде талқыланған келісім дайын, қол қою ғана қалды. Бірақ АҚШ келіссөздерді кейбір мәселелермен шектеп, оны тоқтатты",-деді.

Хатибзаде АҚШ-тың кейбір тақырыптарға қатысты саяси шешім қабылдамай отырғанын айтып: "Өкінішке қарай, Байден үкіметі диалогта шыншыл екенін дәлелдеудің орнына Трамп үкіметінің кейбір позицияларын ұстанып отыр",-деді.

Хатибзаде Теһран мен эр-Риядтың келіссөздері туралы: "Қос тарап қайшылығы бар мәселелерде ортақ түсінікке жетуге талпыныс жасап жатыр",-деді.

Тегтер