Maм 11, 2022 22:56 Asia/Almaty

Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабы мәлімдеме таратып, сионистік режимнің палестиналық тілші Ширин Абу Аклені шәһид еткеніне реакция білдірді.

Мәлімдеменің мәтіні төмендегідей:

Алланың атымен бастаймыз!

Иран Ислам Республикасы Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабы батыл палестиналық тілші Ширин Абу Акленің шәһид болғанын естіп, сионистік режимнің қылмыстарын әлемге шынайы жеткізуді өмірлік мақсат етіп алған және осы басқыншы режимнің әрекеттеріне бейжай қарай алмайтын әлемнің еркін тілшілеріне көңіл айта отырып, сионист әскерилердің басып алынған жерлер мен қасиетті Құдста Палестинаның мазлұм халқына көрсетіп отырған зорлық-зомбылықтары жайлы ақпарат таратып жатқан тілшілердің көзін құртуға бағытталған ауқымды әрекеттерін айыптайды. Мұндай қылмыстар тілшілерді ғана емес, халықаралық заңдар мен келісімдер бойынша әскери басқыншылықтан әрдайым сақталуы тиіс дәрігерлер, медбикелер мен басқа персоналды да нысанаға алып отырғаны күмәнсіз. Бүгін Ширин Абу Акле Дженинде ақпарат тарату міндетін атқарып жатқан кезде сионистік режимнің адам құқығы, адамгершілік пен азаттыққа қарсы әрекеттерінің құрбандары мен шәһидтерінің қатарына қосылды. Ол адамзаттың тарихи жадында мәңгі сақталады.

Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабына қарасты арналардың тілшілері де талай рет қауіпті майдандарда сионистік режимнің Палестина халқы мен аймақ елдеріне қарсы әрекеттерін әшкерелеу барысында түрлі жарақаттар алды. Осы торап тарапынан сионистік режимнің қолынан шәһид болған немесе зардап шеккен тілшілер ұжымы мен олардың жанұяларына көңіл айтамыз. Осы үлкен медиа жанұяның бір мүшесі болған Ширин Абу Акленің қазасына қайғырамыз. Барлық шәһидтер мен осы жолда жан тапсырғандар әлемдік тораптың арналары, соның ішінде Press TV, Al-Alam, Hispan TV және тағы басқа арналарда қызмет ететін әріптестердің жүрегінде мәңгі сақталады.  

 

Иран Ислам Республикасы Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабы

11 мамыр 2022 жыл

Тегтер