Maм 15, 2022 15:13 Asia/Almaty

Фирдоусиді ұлықтау күніне орай Пәкістандағы парсы тілі ұстаздары елде парсы тілін қайта жандандыру қажеттігін айтты.

25 ордибехешт (15 мамыр) Иранның эпик ақыны хакім Әбілқасым Фирдоусиді ұлықтау күніне орай Пәкістандағы Иранның мәдениет үйінде парсы тілі мен әдебиеті ұстаздары және ирандық-исламдық мәдениет пен өркениетке қызығушылардың қатысуымен «Парсы тілі: мүмкіндіктер мен түйткілдер» тақырыбында жиналыс өтті.

Бұл жиналыста сөз сөйлегендер хакім Фирдоусиді ұлықтап, оның парсы тілі мен әдебиетін қайта жандандырудағы рөлін атап өтті.

Парсы тілі ұстаздары Пәкістанда парсы тілін нығайту қажеттігіне баса назар аударып, бұл елде парсы тілін жандандырудың жас ұрпақты өзінің бай өркениетімен таныстыруға жақсы негіз бола алатынын айтты.  

Тегтер