Хатибзаде: АҚШ саяси шешім қабылдауы тиіс
Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы келіссөздерін үйлестірушінің Теһранға сапарында Иран тарапынан арнайы бастамалар мен ұсыныстар берілгенін айтып: "АҚШ саяси шешім қабылдауы тиіс",-деді.
Саид Хатибзаде баспасөз отырысында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы келіссөздерін үйлестіруші Энрике Мураның Теһранға сапарында: "Кейбір шешім жолдары ұсынылды. Егер АҚШ осы ұсыныстарға жауап берсе, барлық тараптар келісім жасау үшін Венаға қайтып оралатын болады",-деді.
Хатибзаде: "Иран əрдайым өзінің заңды құқығын талап етеді. Трамп үкіметі салған барлық санкциялар мен барынша қысым жойылуы тиіс",-деді.
Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы, сондай-ақ сионистік əскерилердің Ширин Абу Акленің жаназасын шығару рəсіміне шабуыл жасағанын айтып: "Бұл шабуыл сионистік режимнің шынайы келбетін көрсетті",-деді.
Саид Хатибзаде Al-Jazeera арнасының тілшісі Ширин Абу Акленің өлтірілуін қасақана жасалған лаңкестік əрекет жəне адам құқығын бұзудың айқын мысалы деп атады.