Maм 16, 2022 20:18 Asia/Almaty
  • Мəскеу: Украинаның 104 əскери жабдықтар орталығы қиратылды

Ресейдің Қорғаныс министрі: "Ресей армиясының əуе-қорғаныс жəне тактикалық амалдар бөлімшелері Украинадағы 3 басқару штабы, 104 əскери мобилизация жəне құрал-жабдықтар орталығы, 2 сұйық отын қоймасын нысанаға алды. Ресейдің əуе-қорғаныс күштері Змеиный аймағында Украинаның Су-24 қырғи ұшағын құлатты",-деп мəлімдеді.

ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков дүйсенбі күні: "Ресей əуе-қорғаныс кешені Украинаның екі Су-25 қырғи ұшағын Николаев пен Великая Камышеваха аудандарында құлатты",-деп мәлімдеді.

Сонымен қатар Ресей əуе-қорғаныс кешендері Донецк облысында 10 украиналық ұшқышсыз ұшақ пен Ту-143 қырғи ұшағын құлатты.

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинада арнайы əскери операция бастағалы бері осы ел қарулы күштерінің 168 ұшағы, 889 ұшқышсыз ұшағы, 3108 танкісі мен сауытты көлігін жойды деп мəлімдеді.

Тегтер