Maм 17, 2022 01:30 Asia/Almaty
  • АҚШ-та жаппай таралған жек көру індетінің себептері мен салдары

Нью-Йорк штатының Буффало қаласындағы бір дүкенде жантүршігерлік қырғын болғаннан кейін  АҚШ Президентінің орынбасары Камала Харрис: «Еліміз бұл күндері жек көру індетінің жаппай таралуына куә болып отыр»,-деді.

АҚШ-тың 240 жылдық тарихы көрсеткендей, бұл ел «бұл күндері» ғана емес, әрдайым жек көру індетімен арпалысып келеді. Ақ нәсілділер қара нәсілділерді жек көреді, қара нәсілділер ақ нәсілділерді жек көреді, ақ және қара нәсілділер үндістерді жек көреді, үндістер ақ және қара нәсілділерді жек көреді. Соңғы кезде АҚШ-та латынамерикалықтар көбейген соң үш нәсілдік жек көрудің төртінші қыры пайда болды.

АҚШ-та жек көру індетінің таралуы тек нәсілдерге ғана қатысты емес, идеологиялық қақтығыстар да ел жағдайының ушығуына себеп болды. Құдайға сенетіндер сенбейтіндерге қарсы, протестанттар католиктерге қарсы, христиандар мұсылмандарға қарсы шығып отыр.  

Ал бұл жағдайда  АҚШ-та кедейлер мен байлар арасында алшақтықтың артуы нәсіл мен сенімге қатысты кекті күшейтті. Бұл елде бір адам 250 млрд-тан аса доллар байлыққа ие. 400 америкалықтың мал-мүлкі басқа 150 млн америкалықтың мал-мүлкіне тең. 40 млн адам кедейлік деңгейінен төмен өмір сүреді. Олардың тіршілігі үкіметтің көмекақысына тікелей байланысты. Бұл мәселелердің барлығы азаматтар үшін кітаптан гөрі ең дамыған ауыр қару-жарақ сатып алу оңай саналатын елде орын алып отыр. Сол себепті  өз жағдайы, өз нәсілінің жағдайы, өзінің әлеуметтік жағдайы немесе өз елінің жағдайына наразы адамдар пулемет сатып алып, басқа адамдарды қырып салады. Олар үшін мектептегі оқушы, шіркеу, синагога немесе мешіттегі ғибадат етуші бола ма бәрібір.Тіпті қарапайым жүргіншілер де бір бұрышта оққа ұшып құрбан бола алады.

Жексенбі күні, 15 мамырда Нью-Йорк штатының Буффало қаласында көбіне қара нәсілділер тұратын ауданда бір дүкеннің алдында осындай оқиға орын алды. 18 жастағы бала әлеуметтік желілердің бірінде тікелей эфирге шығып, абдыраған адамдардың көзінше жазықсыз 10 адамды өлтіріп, ақырында өзін полиция қызметкерлерінің қолына тапсырды.

Басқа сөзбен айтқанда, АҚШ нәсілдік қатыгездіктердің жаңа толқынына ұшырап отыр. Бір топтың қатыгездігі басқа топтың қаталдана түсуіне әкеліп соқтырады. АҚШ Президентінің орынбасары бұл үдерісті «жек көру індетінің таралуы» деп атады.

Тегтер