Maм 17, 2022 19:40 Asia/Almaty
  •  Еуроодақтың Ресей мұнайына санкция салуы әрекеті сәтті болмады

Еуроодақтың сыртқы саясат басшысы Жозеп Боррел дүйсенбі күні Брюссельде ЕО министрлерінің кездесуінен кейінгі баспасөз мәслихатында: «Ресейге қарсы алтыншы санкциялар пакеті бойынша келісімге келу мүмкін емес, біз ресейлік мұнай эмбаргосы туралы келісімге келе алмаймыз», - деді. Боррелл Одақ басшыларының Ресейдің мұнайына санкция салу туралы келісімге келе алмағанын мойындады.

 

 

Еуропаның 27 елінің сыртқы істер министрлері дүйсенбі күні Ресейге қарсы алтыншы санкциялар пакетін, оның ішінде елден мұнай импортын тоқтатуды талқылады.  Бірақ мұнайының 65 пайызын Ресейден алатын Венгрияның қарсылығына байланысты ортақ шешімге келе алмады. Еуроодақ санкцияларды қабылдау үшін ЕО-ға мүше 27 елдің барлығының мақұлдауына ие болуы қажет. Еурокомиссия биылғы жылдың соңына дейін алты ай ішінде Ресейден мұнай импорты мен мұнай өнімдерінің импортын тоқтатуды және Ресейдің ең ірі банкі Сбербанкті Swift жүйесінен шығаруды ұсынды. Алайда Венгрия санкцияларға үзілді-кесілді қарсы. Будапешттің ұстанымына сілтеме жасаған Боррел бүгінгі келіссөздер Венгрияның бетпе-бет келген кейбір мәселелерін нақтылағанын түсіндірді.

Литва Сыртқы істер министрі Габриэль Ландсбергис Венгрияның ұстанымына сілтеме жасай отырып: «Өкінішке орай, бүкіл Еуропалық одақ консенсус табуға көмектесе алмайтын бір елдің кепіліне алынды. Бір мүшенің бүкіл одақты кепіліне алғанын мойындауымыз керек»,- деді.   Осылайша Еуроодақ елдері арасында ресейлік мұнай эмбаргосы және оның салдары туралы келісімнің жоқ екені белгілі болды. Шындығында, Ресей мұнайына тәуелді елдердің одан бас тартып, балама мұнай көздерін іздеуі оңайға соқпайды және бұл олардың экономикасына, әсіресе, қысқа, тіпті орта мерзімді перспективада көп шығын әкеледі. Бұл Венгрияның сыртқы істер министрі және бұрынғы Словакияның экономика министрі Ричард Соликтің ұстанымы, ол ресейлік мұнай эмбаргосы Еуропа экономикасын күйретеді деп мәлімдеді. Германияның Қаржы министрі Кристиан Линднер: «Украина мен Ресей арасындағы соғыс жаңа әлемдік тәртіпке әкеледі»,- деді.

Бұл еуропалық елдер арасында қалыптасқан көзқарастың жақсы мысалы. Еуроодақ қазір Украинаны қолдау және Ресейге қарсы санкция енгізушілер қатарына қосылу жағында және іс жүзінде екінші нұсқаны таңдады. Дегенмен, Венгрия сияқты елдердің ЕО-ның Ресей мұнай санкцияларына қатысты шешімдеріне қарсылығы одақ ішінде консенсустың жоқтығын және кейбір еуропалық елдердің АҚШ-тың негізгі мақсаттары мен міндеттері үшін ұлттық мүдделерін құрбан етуге дайын еместігін көрсетеді.

 

 

Тегтер