Maм 17, 2022 22:04 Asia/Almaty
  • Тәжікстан мен Қазақстан президенттері сөйлесті

Тәжікстан мен Қазақстан президенттері телефон арқылы сөйлесіп, екі елдің арасындағы көпжақты ынтымақтастықты талқылады.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қазақстандық әріптесі Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, бауырлас Қазақстан халқының игілігі үшін алға қойған мақсаттары мен жоспарларының орындалуына сәттілік тіледі. Тәжікстан президенті сондай-ақ екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жоғары динамизмін және Қазақстан президентінің екі ел арасындағы жан-жақты достық пен стратегиялық әріптестікті нығайту мәселелеріне үнемі назар аударып отырғанын қуаттады.

Тегтер