Maм 21, 2022 16:18 Asia/Almaty
  • Ресей рублінің құны соңғы төрт жылдың ең жоғары деңгейіне жетті

Ресей валютасы рубльдің долларға шаққандағы бағамы соңғы төрт жылдың, ал еуроға қатысты соңғы жеті жылдағы ең жоғары деңгейіне жетті.

 

24 ақпанда Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін Еуроодақ пен АҚШ, Канада және Ұлыбританиямен бірге Ресей орталық банкінің шетелдегі активтеріне тыйым салды. Бұл қадам Ресей Орталық банкісінің шетелдегі валюта мен алтын қорларының жартысына жуығын пайдалануға кедерге болды.  Бұған реакция ретінде Кремль дос емес елдерді импорттық газды рубльмен төлеуді талап етті. Ресей президенті Владимир Путин: «Егер елдер бұл төлем үдерісіне келіспесе, Ресей оларға газ жіберуді тоқтатады», - деді. Ресей рублінің еуроға шаққандағы бағамы 5 пайызға жуық қымбаттады, ал айырбас бағамы бір еуро үшін 60 рубльден де төмен түсті.

 

Тегтер