Maм 23, 2022 20:54 Asia/Almaty
  • Иранда вакцинациялау статистикасы әлемдегі ұжымдық иммунитет көрсеткішінен 15 пайызға артық

Бахрам Ейнуллахи Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында Иран халқының коронавируспен күресте көрсеткен сабырлығы мен қайсарлығына алғыс айтып: "Коронавирусты жеңіп, індеттен көз жұмғандар санын бір таңбалыға жеткізу – Иран халқының үлкен жетістіктерінің бірі",-деді.

Ейнуллахи: "Еуропаның кейбір елдерінде және тіпті АҚШ-та барлық мүмкіндіктер болса да, әлі күнге дейін коронавирустан қаза тапқандар саны жоғары. Ал Иранда коронавирустың таралымы азайғаны соншалықты, адамдар еркін сапар шегіп, жұмыстарын істей алады",-деді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 75-ші сессиясы "Денсаулық бейбітшілік үшін, бейбітшілік денсаулық үшін" ұранымен 28 мамырға дейін БҰҰ-ның Женевадағы резиденциясында өтеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының келесі бес жылға бас хатшысын сайлау да осы сессияның күн тәртібіне қойылған.

Тегтер