Maм 24, 2022 18:33 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан қарым-қатынастарын одан әрі дамытуға күш салуда

Иран Сыртқы істер министрлігінің саяси істер жөніндегі орынбасары ортақ өркениет өрісі бар екі мұсылман елі ретінде Иран мен Қазақстанның қарым-қатынасының кеңеюіне тоқталды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әли Бақери Кани Теһранда Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсыновпен кездесуінде Иран үкіметінің көрші елдермен қарым-қатынасқа басымдық беру саясатына тоқталып: «Екі ел арасындағы қарым-қатынастарды, әсіресе саяси, экономикалық және аймақтық өлшемдерде дамытудың көптеген бағыттары бар және бақытымызға орай, бұл қарым-қатынастар аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға айтарлықтай үлес қоса алады»,- деді.

ИИР Үкіметінің Қазақстан Президентінің Теһранға сапарын мүмкіндігінше сәтті қабылдауға және өткізуге дайын екенін жариялай отырып, Бақери Кани осы мүмкіндікті екі ел арасындағы қарым-қатынастарды институттандыру және екіжақты ынтымақтастық келісімдерін жасау үшін пайдалануға шақырды. Әділ Тұрсынов Қазақстан Президентінің алдағы Иранға сапарына тоқталып: «Бұл сапарда екі ел арасында әсіресе экономикалық салада маңызды келісімдерге қол қойылады»,- деп айтты. Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Иран Сыртқы істер министрінің орынбасарының екіжақты қарым-қатынастарды кеңейту қажеттілігі туралы пікірін және Қазақстанның ирандық кәсіпкерлерге жағдай жасайтынын қуаттады.

 

Тегтер