Maм 25, 2022 20:15 Asia/Almaty
  • Армения Зангезур дәлізін Әзірбайжанға тапсырылуын жоққа шығарды

Армения үкіметі Түркия ақпарат құралдарында жарияланған «Армения Зангезур дәлізін Әзірбайжанға берді» деген қауесеттерге реакция білдірді.

 

Осыған байланысты Арменияның Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Армен Григориан: «Армения жерінде ешқандай жол немесе дәліз болмайды»,- деді. Армен Григориан сейсенбі күні (24 мамыр) Түркияның мемлекеттік «Анадолы» ақпарат агенттігінің жаңалықтарына реакция білдіріп, Әзірбайжан мен Түркия президенттерінің Армения жерінде дәліз құру туралы келісімге қатысты бірнеше мәрте мәлімдемелеріне сілтеме жасап: «Никол Пашинян үкіметінің бұл мәселеге қатысты ұстанымында ешқандай өзгеріс болған жоқ, Ереван Армения жерінде Зангезур дәлізін құруға қарсылығын жалғастыруда. Брюссель саммитінде қол жеткізілген келісімдердің барлығы аймақтық байланыс желілерін ашуға қатысты және олардың Баку-Анкара дәлізіне еш қатысы жоқ»,- деп мәлімдеді. Арменияның Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Армен Григорианның мәлімдемесі Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесуінде мамырдың 22-сі күні Брюссельде Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесуінде екі жақ Армения аумағында теміржол және автомобиль жолдарын салуды қамтитын Зангезур дәлізін құру және пайдалану туралы келісімге келгені туралы уәжденгеннен
кейін жасалды. Бұл Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің Армения үкіметінің қайраткерлерінен оңтүстіктегі Сюник облысындағы Зангезур дәлізін алғаны туралы шындыққа жанаспайтын мәлімдеме жасауы бірінші рет емес. Әзірбайжан президенті Армениямен Армения аумағында дәліз алу туралы келісімге келу мәселесін бірнеше рет көтерді. Ереван үкіметінің қайраткерлері Әзірбайжан президентінің бұл мәлімдемелеріне үнемі теріс реакция білдірді. Іс жүзінде Әзірбайжан әртүрлі жағдайларда Арменияның оңтүстігінен елді Нахчыван Автономиялық республикасымен байланыстыратын дәліз құру мәселесін көтерді. Осыған орай, Арменияның саяси мәселелері бойынша сарапшы Карен Ованисян Әзербайжан мен Түркияның Никол Пашинян үкіметіне қысым көрсету үшін екі еселенген күш-жігеріне  назар аудартып: «Басқа елде дәлізді алған ел дәліз бойында қауіпсіздік аймағын да құра алады. Осылайша Ильхам Әлиев үкіметі дәліз бойына бір мезгілде өзінің бітімгершілік күштерін, оның ішінде түрік бітімгерлерін орналастыра алады және келесі қадамда бос жатқан жерлерді босатуды талап етеді. Негізінде Әзірбайжан  дәлізді алғаннан кейін қауіпсіздік аймағын алуды көздеп отыр және бұл Бакудің ең маңызды мақсаттарының бірі»,- деді. Ереван үкіметі шенеуніктері дәлізге қарсылық танытқаны да осы күмәндан болар. Әзірбайжан  үкіметі мен мұсылман халқына пайда әкелмейтін және тек Түркияның Оңтүстік Кавказдағы ұлттық мүддесі үшін айтылатын бұл мәлімдемелерге Ереван үкіметінің шенеуніктері де тиісінше жауап берді. Бұған дейін биыл сәуір айында Әзірбайжан Республикасы мен Түркия басшыларының Арменияға қойған талаптарының соңғы жағдайында Ереван үкіметі мәлімдеме жасап, реакция жасаған болатын. Мәселен, бұған дейін биыл сәуір айында Әзірбайжан мен Түркия басшыларының Арменияға қойған талаптарының соңғы жағдайында Ереван үкіметі мәлімдеме жасап, реакция білдірген болатын. Тақырыптың қайталануы саясаткердің әлсіздігі мен дәрменсіздігінен ғана туындайтыны анық. Арменияның оңтүстігінде Әзірбайжан мен Түркия  президенттері ұсынған дәлізді алу мәселесінің үнемі қайталануы Таулы Қарабақ жанжалына қатысушы екі тараптың да Армениямен қақтығыс кезінде пайда көрмегенін мойындағанын көрсетеді.

 

Тегтер